Петропавл тұрғыны жалған хабар таратқаны үшін жауапқа тартылды. WhatsАрр чаттарда 27 жасар азаматтың мектеп мұғалімдері гуманитарлық көмекті ұрлап жатыр деген дауыстық хабарламасы тараған.Мектеп директорының полицияға шағымынан соң тексеру жүргізіліп, ақпараттың жалған екендігі анықталды.