«Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы» КЕАҚ Басқарма төрағасы 9 жылға бас бостандығынан айырылды. Биыл 2 тамызда Астана қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты «Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы» КЕАҚ бұрынғы басқарма төрағасы О. Ағабековке қатысты үкім шығарды. Ол «ҚазМұнайГаз «ҰК» АҚ-ның Дубай қаласында (БАӘ) экологиялық іс-шараны ұйымдастыру кезінде жалпы сомасы 121,6 млн теңгеге ақша қаражатын жымқырғаны, көміртегі бірліктерін сатып алу-сату шартын тіркеуге жәрдемдескені үшін кәсіпкерден 35 млн теңге мөлшерінде пара алған.