ҚР Премьер-министрінің орынбасары Тамара Дүйсенова Pearson компаниясының өңірлік директоры Аркадиуш Жаворскиймен кездесті. Қазақстандық мамандарды оқыту және сертификаттау мәселелері талқыланды.Pearson – әлемдегі жетекші білім беру компанияларының бірі және Ұлыбританиядағы ең ірі біліктілікті сертификаттау ұйымы. Білім беру бағдарламалары мен бағалау саласындағы халықаралық сарапшылармен ынтымақтастықтың арқасында Pearson әлемдік деңгейдегі біліктілік стандарттарын әзірлейді. Компанияның тізіміне кіретін BTEC сертификаты 70-тен астам елде танылған.