№ 2 Облыстық перинаталдық орталықта үшем дүниеге келді. Сайрам ауданы Ақсу елді мекеніндегі Эгамбердиевтер отбасы бірден үш перзентпен толықты. 27 жастағы Назима Эгамбердиева екі ұлынан кейін 2 ұл мен 1 қыз босанды. Бірнеше күн дәрігердің бақылауында болған сәбилер мен анасы бүгін үйлеріне шықты. Отбасының қуанышымен бөлісуге келген туыстары сәбилерді көру үшін перзентхана маңына жиналып, ақжарма тілектерін жеткізді.