Төтенше жағдай кезінде қашатын есіктер құлыптаулы болған. Алматыда 13 адам ажал құшқан хостелдегі өртке қатысты сотта прокурор айыптау актісін оқыды. Тергеу қорытындысына сүйенсек, нысанды жалға алушы дүкен ашуға арналған жертөлені жатақханаға айналдыруы аздай, өрт қауіпсіздігіне де бас қатырмапты. Яғни эвакуациялық жолдарды жауып тастаған әрі, дабыл дауысы естілмеген соң, тұрғындар ұйықтап жатқан жерінен сол күйі оянбай кеткен.