Алматы облысының полициясы Хасан Қасымбаевты қамауға алды. Бұған дейін 16 жастағы Шерзат Полаттың өлімінен кейін талғарлықтар оны «Хуторские» тобының басшы болуы мүмкін екенін айтқан болатын. Алматы облысы Полиция департаментінің мәліметіне сәйкес, биыл 2 қараша күні Х.Қасымбаев 2021 жылы маусымда А. атты азаматты ұрлап, денсаулығына қасақана ауыр зиян келтірді деген күдікпен ұсталды және уақытша ұстау изоляторына қамалды.