Алматы облысының Балқаш аудандық сотында заңсыз лотерея ұйымдастырған Н.-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды. Сот мәліметіне сәйкес, 2024 жылдың шілде айында Н. өзінің Instagram парақшасында заңсыз лотерея ұйымдастырып, "Jetour" маркалы автокөлігін ойнатқан. Лотереяға қатысу үшін 200 теңге көлеміндегі шексіз лотерея билетінің құнын Н.-ның жеке банктік шотына аудару қажет болған.