Мәдениет және ақпарат вице-министрі Қанат Ысқақов әлеуметтік желілерде және онлайн-платформаларда жалған ақпарат жариялап, таратқандарға салынатын айыппұл көлемін атады. «Онлайн-платформа қолданушылары жалған ақпарат таратқан жағдайда әкімшілік жауапқа тартылады. Әрине, ақпараттың жалған екені дәлелденген соң. Нақты айтсақ, жеке тұлғалар үшін 10-20 айлық есептік көрсеткіштен басталады, ал заңды тұлғаларға 100 АЕК-ке дейін айыппұл қарастырылған. Қайталанған жағдайда тұтқындалуы да мүмкін».