Жамбыл облысының прокуратурасы әлеуметтік тұрғын үйге мұқтаж 350-ден астам азаматтың құқығын қорғады. Жамбыл облысының прокуратурасы халықтың әлеуметтік осал тобына жататын 356 азаматтың, оның ішінде 156 жетім баланың тұрғын үй құқығын қорғады.Тексеру нәтижесінде жергілікті атқарушы органның жалдамалы тұрғын үй үшін төлемді негізсіз жоғарылату, пәтер беру кезінде кезек сақтамау және т. б. фактілері анықталды.