Жантүршігерлік оқиға кеше сағат 17:30–да Жаңаөзен қаласы «Самал» шағын ауданы 28-ші үйде болған. Әлеуметтік желіде тараған ақпарат бойынша 33 жастағы тұрғын әйелімен болған жанжалдан кейін, дәлізге шығып, өз-өзіне қол жұмсап тамағын кескен. Содан кейін тұрғын үйдің 4-қабатынан секірген. Салдарынан екі аяғы сынып, ауыр жағдайда Жаңаөзен қалалық көп бейінді ауруханаға жеткізілді. Қазір жансақтау бөлімінде жатыр.