Полиция Бельгия азаматы асырап алған 22 жастағы Жәнібек Жұмағұловтың (Джани) ата-анасын іздеп жатыр. Бұл туралы Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев айтты. Бүгін Сенаттың жалпы отырысынан кейін БАҚ өкілдері одан анасын іздеген еуропалық Жәнібектің оқиғасына қатысты қылмыстық істің қозғалған не қозғалмағанын сұраған еді.