ҚР Сауда және интеграция бірінші вице-министрі Айжан Бижанова «Джатеко» жапон компаниясының өкілдерімен кездесу өткізді. Кездесуде Қазақстанның зығыр және басқа да майларын Күншығыс еліне экспорттау мүмкіндіктері талқыланды. Жапониядағы қазақстандық зығыр майына сұраныс біз күткеннен әлдеқайда жоғары болды. Жапон тұтынушылары бұл өнімнің сапасын жоғары баға беріп отыр. «Джатеко» компаниясының директоры Антон Кимнің айтуынша, оның денсаулыққа пайдалы қасиеттері майдың ерекше танымал болуына ықпал етті.