М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университетінің ғылыми қызметкері, PhD докторы Бақыт Смайлов өндірістік қалдықтарды қайта өңдеу арқылы ауыл шаруашылығы саласында топырақ құнарлылығын арттыратын тыңайтқыш алу бойынша зерттеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Жас ғалымның «Ауылшаруашылығы дақылдарының өнімділігін арттыру үшін гуматқұрамдас тыңайтқыштарды алудың технологиясын жасап шығару жобасы» ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің жас ғалымдардың 2022-2024 жылдарға арналған конкурсында жоғары бағаланып, грант ұтып алды. Жоба жақсы нәтиже көрсетіп, өңір шаруаларының қызығушылығын тудырған.