Мәжіліс депутаты Магеррам Магеррамов кәмелет жасына толмағандар үшін қылмыстық жауапкершілікті 14-тен 12 жасқа дейін төмендетуді ұсынды. Депутат өз сауалында Ұлыбританияны мысалға келтіріп, аталған елде кәмелетке толмағандарға қылмыстық жауапкершілік жасының қайта қаралғанын айтты. Оның айтуынша, балалардың қоғамға бейімделу процесі мектептен басталады. Осы орайда өскелең ұрпақтың деструктивті мінез-құлқының алдын алуда ұстаздардың ықпалы зор.