Жақында Қостанай қаласының әкімі Марат Жүндібаев құны 23 миллион теңгелік су жаңа Kia Sorento автокөлігінің иесі атанды. Алайда әкім бұл көлікті тендер арқылы алған. Облыс орталығының басшысы жергілікті БАҚ өкіліне жаңа көлік әкім аппаратына тиесілі екенін айтты. Әкімнің айтуынша, ол қалада жаяу жүре алмайды, сондықтан көлік алуға тура келді. «Иә, көлікті мен жүргіземін, басқа амал жоқ. Менің ойымша, біз өзіміз шығаратын автокөлікті сатып алғанымыз дұрыс шешім болды. Көлік әкім аппаратына тиесілі», деді Марат Жүндібаев.