Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Склярдың төрағалығымен өткен кеңесте «Жайлы мектеп» ұлттық жобасының іске асырылу барысы қаралды. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша елімізде аталған жоба іске асырылып жатқаны мәлім. Бұл ретте отандық өндіріс материалдарының үлесі орта есеппен 70% құрайды, оның ішінде құрылыс материалдары 90%-ға дейін. Жиһаздар отандық өндірістен ғана қарастырылған.