«Жайлы мектеп» ұлттық жобасын іске асыруға бөлінген бюджет қаражатының орынды жұмсалуын қамтамасыз ету мақсатында Қаржылық мониторинг агенттігі «Samruk-Kazyna Construction» АҚ-мен кездесу өткізді. ҚМА Төрағасы Дмитрий Малахов Президенттің Қазақстан халқына Жолдауында орта білім беру сапасын арттыруға және өскелең ұрпақты оқыту мен жан-жақты дамыту үшін лайықты жағдайлар жасауға ерекше назар аударғанын атап өтті. Бұл міндетті орындау үшін «Жайлы мектеп» ауқымды жобасы іске асырылып жатыр, бұл мақсатқа 2,3 трлн теңге бөлінді.