Атырау қаласының маңындағы Береке ауылында 3 жасөспірім Жайық өзеніне батып кеткен еді. Бүгін, 27 тамызда үшінші жасөспірімнің мүрдесі судан шығарылды. Атырау облыстық төтенше жағдайлар департаменті қоғаммен байланыс тобының ақпаратына қарағанда, сағат 06:30-да үшінші жасөспірімді іздеу қайта жалғасқан.