Премьер-министр Олжас Бектенов қаржы министрінің осы санаттағы жеке тұлғалардың 90%-ын декларациялаудан босату туралы ұсынысын қолдады. Премьер-министрдің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Мемлекет басшысының Ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің бірінші форумында берген тапсырмалары аясында жеке тұлғалардың кірістері мен мүлкін жалпыға бірдей декларациялау мәселесі қаралды.