Алматыда Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері қала тұрғындары арасында өрт қауіпсіздік ережелерін түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Алматыда қалалық ТЖД ұйымдастыруымен «Өрттен болатын қайғылы жағдайларға жол бермейміз» атты ауқымды акция өтіп жатыр. Іс-шара аясында Алатау ауданы «Шапағат» шағын ауданының тұрғындарына газ иісінің қауіптілігі туралы, сондай-ақ газ-ауа қоспасының жарылыстарының, өрттердің және табиғи газбен уланудың алдын алу жолдары туралы айтылды.