Елімізде жекеге берілетін объектілердің тізімі жасақталып, көпшілікке жария етіледі. Бұл туралы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы Марат Омаров мәлім етті. Астанада Жекешелендіру ұлттық кеңсесінің алғашқы отырысы өтті. Оған Мәжіліс депутаттары, мемлекеттік және квазимемлекеттік органдардың өкілдері мен сарапшылар қатысты. Агенттік басшысының айтуынша, жекешелендірілген объектілерге міндетті түрде ревизия жүргізіледі.