«Қазгидромет» синоптиктері 15 шілде, дүйсенбіге арналған ауа райы болжамын жариялады. Оңтүстік циклон және онымен бірге келетін атмосфералық фронттардың әсерінен ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады. Жаңбыр жауады, солтүстік-батыста, солтүстікте, оңтүстік-шығыста, оңтүстікте, орталықта күн күркіреп, бұршақ болады.