Жергілікті тұрғын Риддер қаласының әкімінен Поперечное ауылынан мал жаюға 50 га және шөп шабуға 15 га жер телімдерін беруін сұраған. Алайда әкім жер комиссиясының шешіміне сілтеме жасай отырып, арыздан бас тартқан. Бұдан соң, талап қоюшы сотқа шағым түсірген.