Жетісайлық шаруалар қауын экспортын бастап кетті. Алғашқы өнім Ресейге жөнелтіліп жатыр. Жетісай топырағына егілген қауын дақылдарының алғашқы легі пісіп үлгерді. Қазір диқандар егістік алқабынан теріп алған өнімдерін экспортқа дайындап жатыр. Соның бірі – жергілікті тұрғын Әл-Фараби Күзенбаев. Бірнеше жылдан бері диқаншылықпен айналысып жүрген шаруа Абай ауылдық округіндегі 45 гектар жеріне ерте көктемде егін еккен.