Кербұлақ ауданында әйел адам терең шұңқырға түсіп кеткен. Қараңғыда болған жазатайым оқиғаға қатысты аудандық әкімдік жауап берді. Оқыс оқиға Сарыөзек ауылында болған. Аманжолов көшесінде жарылған су құбырын жөндеу үшін қазылған шұңқырға түнгі уақытта әйел адам түсіп кеткен. Әлеуметтік желіге жарияланған жазбаға Кербұлақ ауданы әкімдігі жауап берді.