Аттестаттау имамдардың білім деңгейін анықтап, біліктілігін арттыру мақсатында өтті. Оған 27 азамат қатысты. Енді нәтижесі шыққан жағдайда имамы жоқ мешіттерге қызметке жіберіледі. Өңірдегі 12 ауылдық мешітте имам жоқ. Сондықтан, Нұр-Мүбәрәк университетін және медресе бітірген түлектерді жұмыспен қамту көзделіп отыр.