7 қыркүйек күні үйінен шығып кеткен 3 жастағы Алдиярды іздеушілер арада 11 күн өткенде Мұқаншы өзенінен тапқан. 18 қыркүйекте іздестіру шараларының барысында, Көксу ауылы Мұқаншы өзенінің түбінде, із-түзсіз жоғалған баланың мәйіті табылды. Алдын ала мәліметтер бойынша, зорлық-зомбылықпен өлу белгілері жоқ.