Ақмола облысында екі тәулік бұрын жоғалып кеткен есте сақтау қабілеті нашар кейуана аман табылды. Ақмола облысы ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, Финченко Любовь Ивановнаның жоғалғандығы туралы Целиноград аудандық полиция бөліміне шілденің 23-де кешкі 20:25 шамасында қызы хабарлап айтқан. Жоғалған адамды іздеуге полиция бөлімінің жеке құрамы бағдарланды, іздеу тобы орман алқаптары мен бос жерлерді, қараусыз қалған ғимараттар мен саяжайлардың аумағын тексерді. Сонымен бірге, дрон арқылы әуеден бақыланды.
Жаңалықтар































