Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов Үкімет отырысында Қостанай облысының Жітіқара қаласында болған трагедияның себептерін айтты. «Жеке тұрғын үйлерде ересектердің балаларды қараусыз қалдыруы салдарынан балалардың топтық өлімі орын алады. Осындай оқиғаның бірі Жітіқара қаласында 11 қазанда болды. Салдарынан үйде қараусыз қалған бес бала қаза тапты. Министрлік аталған фактілерді ескере келе, әлеуметтік осал топтарды өзінің ерекше бақылауында ұстауда. Бүгінде есепте тұрған 100 мыңнан астам үй бар», - деді ТЖМ басшысы.