Маңғыстауда жүкті әйелін пышақтаған тұрғынға қатысты сот үкімі шықты. Маңғыстау облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты баспасөз қызметінің хабарлағандай, сотталушы К. әйелінің жүкті екенін біле тұра, өзінің қылмыстық іс-әрекетін тоқтатпаған. Ауыр дене жарақаттары салдарынан жерге құлаған жәбірленуші А.-ның дәрменсіз күйде жатқанына қарамастан, ол жәбірленушінің басынан бірнеше рет теуіп дене жарақатын салған.