«Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ «Мансап компасы» атты жаңа платформаны іске қосты. Министрліктің хабарлауынша, цифрлық шешім пайдаланушыларға еңбек нарығындағы өзекті трендтерді зерделеуге, әртүрлі кәсіптердің сұранысын салыстыруға және оңтайлы білім беру траекториясын таңдауға бірегей мүмкіндік береді.