ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі елдегі жұмысшыларға арналған жаңа марапаттар енгізу жөнінде түсіндірме берді. Еңбек министрлігінің хабарлауынша, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы Жолдауында «Жұмысшы мамандықтар жылын» жариялап, жұмысшы кәсіптері мен түрлі сала мамандарының беделін дәйекті түрде арттыруды тапсырған.