«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы жүргізуші куәлігіне теориялық емтихан тапсырудың жаңа рәсімін енгізбекші. Енді болашақ жүргізушілер екі факторлы аутентификациядан өтуі керек.Жаңа талапқа сай емтихан тапсырушылар екі факторлы аутентификациядан өтетін болады. Бұл жеке тұлғаны растаудың екі түрлі әдісін қамту тәсілі: біріншісі — SMS арқылы, екіншісі — биометриялық сәйкестендіру.