Ақтауда жүріп бара жатқан көліктен сәби жол ортасына түсіп қалған. Оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде тарады. Видеодан сұр түсті жеңіл көліктің есігі ашылып, ішінен сәбидің құлап кеткенін көруге болады. Көлік тоқтап, жүргізуші сәбиге жетем дегенше, автобус баланың дәл жанынан өте шығады.