Ақыны артығымен жинаған. Табиғи монополияны реттеу комитеті жылуға төленген ақшаны есептеп, 768 миллион теңгенің артық алынғанын анықтады. Енді артық төленген ақша пәтер иелеріне қайтарылады. Онда да тек жылу энергиясын есептеуіш құрылығылары жоқ тұрғындарға ғана беріледі. Ал ақша тұтынушының жеке есепшотына түседі.