Өнер жұлдыздарының әр күні табыс әкелетін той-домалақ, концерт, жарнамалық түсірілімге толы екені белгілі. Бұл ретте қамауға алынған өнер иелері темір тордың ар жағында жатқанда қанша қаражаттан қағылды екен? Әрине, өнер жұлдыздарының барлығы дерлік табысын айтуғы құлықты емес. Оны қойшы, қарапайым тұрғындардың өзі «жүріп-тұруыма жетеді» деп айлығын жасырып жүреді емес пе?