Алматы қаласының Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты кінәні мойындау туралы процестік келісімінің негізінде Қаңтар оқиғалары кезінде жеткізілген адамға азаптауды қолданғаны үшін (ҚК-нің 146-бабы) айыптау үкімін шығарды. Қылмыстық істі Алматы қаласының арнайы прокурорлары тергеп-тексерді.