«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Қаныш Сәтпаевтың 125 жылдығына орай безендірілген жолаушылар пойызын жолға шығарды. Ғалымның өмір жолы Жезқазған қаласымен тығыз байланысты болғандықтан, оның суреті № 65/66 «Астана-Жезқазған» бағытындағы пойызға бейнеленген. Ол тамыз айының соңына дейін күнара қатынайтын болады.