Төтенше жағдайлар министрлігі Қарағанды облысындағы дала өрті оқшауланғанын мәлімдеді. Өрт ошағында қызыл жалынмен күрес әлі жалғасып жатыр. Өткен түнде тағы бір адамды күйік шалып, ол ауруханаға жеткізілген. Денесінің 35 пайызы күйген азамат қазір жансақтау бөлімінде жатыр.