Ленин шахтасының D6 орталық конвейер көлбеуінде көмірқышқыл газы деңгейінің жоғарылауы тіркелді. Әзірге зардап шеккендер жоқ. Qarmet баспасөз қызметі шахтада желдету жүйелерін сынау кезінде болған штаттан тыс жағдай туралы хабарлады. Көмір департаментіне қарасты Ленин атындағы шахтада бүгін көміршқышқыл газының жоғарылағаны туралы ақпарат түсті.