Қарағанды облысының тасжолдарында 18 жылжымалы блок-бекет қойылды. Мал ұрлығының алдын алу және оған тосқауыл қою мақсатында Қарағанды облысының тасжолдарында 18 жылжымалы блок-бекет қойылды. Полиция қызметкерлері аталған бекеттерде мал және ет өнімдерін тасымалдаушыларды тоқтатып, құжаттарының белгіленген талаптарға сай болуын тексереді.