Қарағандыдағы перзентханада үш алып нәресте дүниеге келді. Бірінің салмағы бес жарым келі болса, қалған екеуі де соған жетеқабыл. Кесер тілігі арқылы жарық дүние есігін ашқан сәбилер дін аман. Бірақ дәрігерлер алпамсадай балалардың көбеюі дұрыс емес деп отыр.