Жыл басынан бері елордада 10 қаржы пирамидасының жолы кесілген. Бұл туралы Астана қаласының аға прокуроры Аслан Мәди айтты. Прокурор қаржы пирамидасының алаяқтары қарапайым халықты қақпанға қалай түсіретінін «Eolus Kazakhstan» қаржы пирамидасының басшысының үстінен қозғалған істі мысалға келтіре отырып түсіндірді.