Келіп түскен өтініш негізінде Маңғыстау облысының жер ресурстарын басқару департаменті жауапкершілігі шектеулі серіктестікке қатысты жоспардан тыс тексеру жүргізді. Нәтижесінде мұнай терминалының құрылысын салу және орналастыруға арналған жалпы ауданы 50,0 гектар жер учаскесі ұзақ уақыт бойы нысаналы мақсаты бойынша пайдаланылмай келгені анықталды.