Келіссөздердің қорытындысы бойынша Қасым-Жомарт Тоқаев пен Эмомали Рахмон Қазақстан Республикасы мен Тәжікстан Республикасы арасындағы Одақтастық қатынастар туралы шартқа салтанатты түрде қол қойды. Бұдан бөлек, Қазақстан Президентінің Тәжікстанға мемлекеттік сапары аясында бірқатар маңызды құжатқа қол қойылды.