Серік Жұманғарин Ақмола облысындағы А. И. Бараев атындағы Астық шаруашылығының ғылыми-өндірістік орталығына барды. Климаттың өзгеруі — ғылыми өндірістік орталықтың қызметтік бағытын анықтайтын негізгі зерттеу жұмысының бірі. ҒӨО құрғақшылыққа және ыстыққа төзімді дәнді дақылдарды, дәнді-жемшөп дақылдарын, көпжылдық бұршақ және азықтық шөптерін іріктеумен, тұқым шаруашылығымен және коммерцияландыру жұмыстармен айналысады.