Астанада «Жошы, Шағатай, Хайду ұлыстары мен Моғолстанның этносаяси тарихы» атты халықаралық ғылыми практикалық конференция өтіп жатыр. Қазақстан, Татарстан, Башқұрстан, Өзбекстан, Канада, Қытай, Ресей, Мажарстан ғалымдарының басын қосқан халықаралық жиында белгілі тарихшы, Гарвард университетінің профессоры, ғылым докторы Нұрлан Кенжеахмет сөз алып, Жошы ұлысының тарихи карталардағы орны туралы баяндама жасады.