ҚР АШМ ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті төрағасының м. а. Самат Төлегенов Моңғолия ветеринария бас басқармасының өкілдері Батсух Басаан және Дэлгэрмаа Басаанмен кездесті. Кездесуде ветеринария саласындағы екіжақты ынтымақтастықтың негізгі мәселелері, соның ішінде Қазақстаннан Моңғолияға асыл тұқымды қойларды экспорттау мәселесі талқыланды. Осы жылдың тамыз айында екі елдің ведомстволары экспорталатын тауарлық және асыл тұқымды қойлар мен ешкілерге арналған ветеринариялық сертификатты келіскен болатын.