Қазақстан азаматтығын алғысы келген адамдар қазақ тілін, ел тарихы мен Конституциясының негіздерін тым болмағанда қарапайым деңгейде білуге міндетті. Талап таяуда ғана «Көші-қон мәселелері туралы» заңға енгізілген болатын. Бұл шетелдіктердің Қазақстан қоғамына тезірек бейімделуіне көмектесу үшін жасалған қадам екендігі анық.