Қазақстандық «Ақ Бидай-терминал» АҚ мен Әзірбайжанның ірі холдингі NB Holding бірлескен бақылаудағы «Баку астық терминалы» ЖШС кәсіпорнын одан әрі дамыту мәселелерін талқылады. «Ақ Бидай-Терминал» АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Ерқожаұлы Баку қаласына жұмыс сапары аясында NB Holding басшылығымен кездесу өткізді. Соның барысында теңіз арқылы Әзірбайжанға астықты жеткізуді қамтамасыз ету жайы, ұн өнімдерін өткізудің экспорттық бағытында кәсіпорынның әлеуетін дамыту мәселелері талқыланды.